|
Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімі «Ақбота» бөбекжайы» КМҚК
КГКП «Ясли - сад «Ақбота» отдел образования города Сатпаев управления образования Ұлытау области
|
|
|---|
Біздің балабақшаның инновациялық әрекеті
|
20
Қыркүйек
2026
|
«Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» республикалық пилоттық жобасы аясында тәрбиеленушілердің еңбекке қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында түрлі жұмыстар жүргізілуде. Тәрбиеленушілер мен педагогтер шығармашылық, танымдық және экологиялық бағыттағы түрлі байқауларға белсенді қатысып, жүлделі орындар мен әртүрлі номинацияларға ие болды. Бұл жетістіктер – балалардың белсенділігі мен педагогтердің ізденісті еңбегінің нәтижесі. Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасы аясында өткен «Ұлттық тағамдар - кішкентай аспаздар», «Кішкентай шеберлер», «Смарт қала-ақылды бала» байқауларының жүлдегерлері.
|
20
Қыркүйек
2026
|
Балабақшада білім беру сапасын арттыруға бағытталған инновациялық педагогикалық тәсілдер жүйелі түрде енгізілуде. Педагогтер кәсіби тәжірибелерін жетілдіріп, жаңа әдістемелік идеяларды тәжірибеге енгізу, тәжірибе алмасу және үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату бағытында жұмыс жүргізеді. Инновациялық іс-әрекет балалардың жеке қабілеттерін ашуға, танымдық белсенділігін арттыруға және заманауи талаптарға сай дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
«Тандем» жобасы. Білім беру ұйымдарының оқу, тәрбие және оқу-әдістемелік жұмыстарда бастауыш білім беру мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту арасындағы сабақтастықты және бірізділігін қамтамасыз етуде Ақбота» бөбекжайы» КМҚК -мен «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ арасында сабақтастық жұмыстары жүзеге асырылуда.
|
20
Қыркүйек
2026
|
2025-2026 оқу жылында бөбекжайда құзіреттілік орталық ашы
Тақырыбы: «Денсаулық сақтау – сапалы тәрбиенің негізі»
Құзыреттілік орталығының өсу нүктесі: Сәтбаев қаласының «Гүлдер» бөбекжайы» КМҚК.
Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының денсаулық сақтау саласындағы кәсіби құзыреттілігін дамыта отырып, сапалы білім беру мен салауатты тәрбие үдерісін қамтамасыз ету.
«Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» республикалық пилоттық жобасы.
Балаларды еңбекке баулу – бау-бақша өсіру.
Балабақшада балаларды табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғауға және еңбекке баулуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы бағытта тәрбиеленушілермен бірге шағын бау-бақша ұйымдастырып, көкөністер мен гүлдер отырғыздық.






