Сауықтыру блогы: Тұз бөлмесі. бөбекжайда балалардың иммунитетін көтеру, тыныс алу жолдарының ауруларын алдын алу және сауықтыру мақсатында заманауи тұз бөлмесі жұмыс істейді. Бөлме толықтай арнайы медициналық стандарттарға сай жабдықталған: Бөлмеге құрғақ тұз аэрозолін үздіксіз жіберіп тұратын заманауи галогенератор аппараты орнатылған. Қабырғалары мен едені арнайы табиғи тұз қондырғысымен қапталған.

«Инновациялық дамытушы орта: Монтессори кабинеті
Балабақшада балалардың еркіндігін, өздігінен ізденуін, ұсақ моторикасы мен логикалық ойлауын дамыту мақсатында арнайы Монтессори кабинеті толық жабдықталған. Кабинеттің жабдықталуы Мария Монтессори әдістемесінің принциптеріне сәйкес келесі 5 негізгі дамытушы аймақ бойынша жасақталған.

Музыка залы. Эстетикалық безендірілген музыкалық залда музыка орталығы, ноутбук, көрнекі құралдар, музыкалық аспаптар жиынтығы бар. Музыкалық залда мерекелер мен ойын-сауыққа арналған костюмдер, атрибуттар мен декорациялар бар киім-кешек бөлмесі бар.


Спорт залы. Балабақшаның спорт залы балалардың дене бітімін дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында заманауи спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтылған.


Психолог кабинеті. Зерттеу, түзету және дамыту жұмыстарына арналған дидактикалық материалдар, айналар, сенсорлық тренажерлар және құм терапиясына арналған үстелдер бар.



