Қауіпсіздік жүйесі: Балабақша іші мен сыртында 100% бейнебақылау камералары жұмыс істеп тұр, олар Жедел басқару орталығына (ЦОУ) қосылған. Сондай-ақ автоматты өрт дабылы және «Турникет» (Face ID) жүйесі орнатылған.Бөбекжай ғимаратына кірер алдында мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсету мақсатында балабақша қызметкерлерінің ішінен көмекшіні шақыруға арналған қоңырау орнатылған. Балабақша ғимаратына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін пандус қарастырылған. Сонымен қатар, ПВХ тактильді жол және ақпараттық мнемотехника орнатылған. Дәретханаларда мүгедектігі бар адамдарға (немесе мүмкіндігі шектеулі жандарға) арналған тірек тұтқасы орналастарылған.








