|
Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімі «Ақбота» бөбекжайы» КМҚК
КГКП «Ясли - сад «Ақбота» отдел образования города Сатпаев управления образования Ұлытау области
|
|
|---|
Орта үшінші — педагог
|
20
сентября
2026
|
Мектепке дейінгі ұйымның ауласы — бұл балалардың таза ауада шынығып, қоршаған ортаны танитын, олардың ойын және сауық іс-әрекеттері жүзеге асатын негізгі дамытушы кеңістік. Балабақшамыздың ауласын безендіру барысында эстетикалық тартымдылық, қауіпсіздік талаптары сақталған. Аула дизайнында табиғи ландшафтты тиімді пайдалануға және балалардың экологиялық сауаттылығын арттыруға басымдық берілді. Әрбір топтың серуендеу мен ойын алаңдары жас ерекшеліктеріне сай безендірілген.
|
20
сентября
2026
|
Дамытушы және интерактивті аймақтар Заманауи үрдіс бойынша дәліздерде ойын ортасы қарастырылған: Бизибордтар мен тактильді панельдер: Балалардың ұсақ моторикасын дамыту үшін қабырғаларға бекітілген түрлі-түсті логикалық ойыншықтар мен мата, ағаш сияқты түрлі текстуралы элементтер. Бүгінгі таңда балабақшамыздың дәліздеріндегі ақпараттық және көрнекілік аймақтарын экологиялық бағыт пен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасымен ұштастырылған. Бұл стендтер тек ақпарат көзі ғана емес, әрбір баланың бойына ұлттық құндылықтар мен табиғатқа деген сүйіспеншілікті сіңіретін нәтижелі тәрбие құралы ретінде қызмет етеді.
|
20
сентября
2026
|
Сауықтыру блогы: Тұз бөлмесі. бөбекжайда балалардың иммунитетін көтеру, тыныс алу жолдарының ауруларын алдын алу және сауықтыру мақсатында заманауи тұз бөлмесі жұмыс істейді. Бөлме толықтай арнайы медициналық стандарттарға сай жабдықталған: Бөлмеге құрғақ тұз аэрозолін үздіксіз жіберіп тұратын заманауи галогенератор аппараты орнатылған. Қабырғалары мен едені арнайы табиғи тұз қондырғысымен қапталған.
|
20
сентября
2026
|
Балабақшаның әрбір тобы белгіленген санитариялық-гигиеналық және білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес жиһаздармен, дамытушы заттық-кеңістіктік ортамен және қажетті техникалық құралдармен толық жабдықталған. Топ бөлмелеріндегі жиһаздар балалардың жас ерекшеліктері мен бой өлшемдеріне сәйкес таңдалып, қауіпсіз әрі экологиялық таза материалдардан жасалған. Әр топта балалардың күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз ететін үстелдер, орындықтар, бір деңгейлі кереуеттер және жеке киім сақтауға арналған шкафтар толық қарастырылған. Жиһаздардың орналасуы балалардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға және олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
|
20
сентября
2026
|
Топтарда балалардың жан-жақты дамуына, шығармашылық қабілеттерін арттыруға және танымдық қызығушылығын қалыптастыруға қажетті ойын, оқу-танымдық және шығармашылық орталықтар ұйымдастырылған. Жабдықтар мен оқу құралдары тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктеріне сай орналастырылып, «Орта – үшінші орта» қағидатына сәйкес баланың еркін әрекет етуіне және дамуына мүмкіндік беретін орта қалыптастырылған. Топтар жиһаздар жиынтығымен, көрнекі құралдармен жабдықталған және даму орталықтары жинақталған:
-оқу орталығы
- экология бұрышы
-этнографиялық бұрышы
-театр бұрышы
- конструктивті қызмет орталығы
- тәжірибе бұрышы
- кітапхана бұрышы.
- еңбек бұрышы
Балабақшаның дәліздерінде балалардың танымдық қызығушылығын арттыруға және сөйлеу, шығармашылық, әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі дамытушы ойындар орналастырылған. Олардың мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іріктеліп, қауіпсіз әрі қолжетімді түрде ұйымдастырылған.







